Өлең, жыр, ақындар

Көктем әсерінен (1 басылым)

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1266
Уылжып тұр, күмілжіп тұр бар маңай –
Көктем деген осы екен ғой… арман-ай!
Гүл төсіне қонақтаған көп бояу
Көз шіркінді қояр емес арбамай.
Көк теректер көтеріліп еңсемен,
Қарайтындай: биікпін деп, мен сенен,
Сол теректің жапырағы боп сылдырап,
Сол теректің бұтағы боп теңселем.
Сезіміңнің селт етуін аңдиды үн,
Толқындары тынды бір сәт ән-күйдің.
Ақ гүлдердің арманы боп ашылып,
Қызыл гүлдің қиялы боп қалғимын.
Мызғып кеткен көп гүлдерді жел-жібек
Орамалмен оятады елжіреп.
Үндемейді, үндемейді айнала,
Қара орманға қақалғандай көкжиек.
Баяу жылжып сұрша тұман, ақ мұнар
Мына қырдан ана қырға қақтығар.
Мұнар-көрпеге оранып тұр теректер.
Көктеменің қонағындай нақ бұлар,
Сол мұнарға Алатау да – бір құшақ,
Көктем жерді фонтандатты бұрғы сап.
Сәске түсте бүкіл осы Жетісу
Газ-орамал жамылғанға тұрды ұсап.
Мына дүние тірі музей – бір қызық,
Табиғат тұр билетсіз-ақ кіргізіп.
Тас төбеде шағала-бұлт шалқайып…
Одан әрі менің жаным жүр жүзіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 0
  • 0

— Бұлбұл құстың әні қандай әдемі,
Шіркін, өзін тыңдар ма еді және бір.
— Кеше бірақ шықпады үні қарлығып,
ангинаның әлегі ғой барлығы.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

— Туған жерің қай жер, — деді, — жаңа ақын?
— Ол жерде де аспан мен күн болатын.
— Туған жерің қай жер? — деді бір келіншек күлегеш,
— Қара жер! — деп жауап бердім, — су емес.

Толық

Лава

  • 0
  • 0

...Лава аузында қарауытты шаң-дағы;
Әр көлеңке қозғалады ұрлана.
Қараңғыға түсті шаңның салмағы,
Шаң дариясын ұрттап-төгіп тұр Лава.

Толық

Қарап көріңіз