Өлең, жыр, ақындар

Тентек

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Ал, сансыра, сары бұта,
Сары желмен сал ырғаң!
Көңілім, саған "сап!" деп ем —
садаға кет сабырдан.
Арық, Кәрі Пегасың
әлі аңсайды бәйгені —
бәйге аңсайсың сен әлі
ырсаң қағып қабырғаң.
Сенде де сол ниет бар, —
Күрек-тісің қайда әлгі?
Қызыл иекпен қырқысып
кімге ашпақсың майданды?!
Бір тісіңді жойған-ды
бәсекенің тепкісі,
ал, бір тісің күштінің
бір сөзімен кетті ұшып.
Бір тісіңді бердің сен
арзан-ыржаң күлкі үшін,
бір тісіңді бердің сен
түйсігі бар жұрт үшін.
Үркіп шығып аузыңнан
бетке атылды бір тісің,
ерке әйелдің ернінде
кетті ақырғы бір тісің,
Қисаймаған қазығың жоқ —
көшкен елдің жұртысың.
Жайлы жансың сен енді!
О, жарады, жарады:
ебі келсе — емінер
ерін мен тіл бар әлі —
жыртып емес, жамап күн
көрер өлі жайың бар,
қырқып емес, жалап күн
көрер әлі жайың бар.
Бастық деген "айың" бар —
бала деген "уайым" бар,
қызыл-иек жыр жаз да
қыр басына дайындал.
Шоқ-шоқ дейсің, сенің де
жаның күйген шақтарда.
"Сап-сап" дейсің көңілге...
санасызда "сап!" бар ма!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ей, туған жер! Біткен екен бас маған...

  • 0
  • 0

Ей, туған жер! Біткен екен бас маған,
Сол басыммен өз кеудеңді жастанам.
Сар құмыңның бір мысқалын қос маған,
Уақыттың дауылы айдап таста

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Бел балаң ем, есейін бір шынығып,
Заводтарда болат илеп, шыны үгіп.
Семіруге келгенім жоқ өмірге,
Аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып.

Толық

Байронға

  • 0
  • 0

Уа, керемет!
Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
«Азаматтар» азап атты, тас атты,

Толық

Қарап көріңіз