Өлең, жыр, ақындар

Таудағы нөсер

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 464
Ескі ұғымға пародия

Аспан жақ боздап кетті, мықты-ақ қайғы,
диюлар бұлт тасалап бұқпақтайды.
Көпшік қып қолтығына қара бұлтты ап,
әнеки, Әзірейіл барады ықтап.
Соқты жел, асқынған бұл даң-дамайды
япыр-ау, аллам неғып аңдамайды?!
дегенше... садағын ол оқтап, әне,
атқалы сайтандарды оқталады.
Қорқа ма — сайтанды ақыр ата алмады,
күмбезін аспанның құр бақаңдады.
Содан соң құдіреттен жоқ хабары
бір жынды ұстап, шыңғыртып ноқталады.
Ал, сайтан жүрген жақ тек шаңытады, —
көзге жай сескенгенін танытады.
Дірдектеп әрі тоңып, бұғып әрі
бір тастың қолтығына тығылады.
Содан соң жартылықтан жұтып, ұрттап,
күледі Хаққа қарап сықылықтап.
Бір жақта пері біткен шулап тағы,
жалпылдап бұлт жыртылып, бу қаптады.
Ал, сайда поп пен молда қақтығысып,
өкіріп бір пайғамбар жатты құсып.
Періште даңғырасын қақты асыға,
жағынып жақтасына — саппасына.
Иемнің қорқып мен де қаһарынан
зып бердім бір сұлудың қақпасына...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызылоба

  • 0
  • 0

Қызылоба. Тал, терек жасыл-жасыл
Судырайды-ау ақ жауын басылғасын.
Жылға суы жымысқы, жылжып аққан,
екеумізді тал түсте бір жылатқан.

Толық

Тер

  • 0
  • 0

...Мөлтілдеп төгілер терім кіл,
Шіркін-ай, мөлдірлікті ұқса жан!
Осынау сүйікті жерімнің
Шығына ұқсаған.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Сенде өткен әрбір күнім сайран маған,
Сайран керек асауға байланбаған.
Суырсаң қынабыңнан қылышыңмын,
Балтаңмын тот баспаған, қайралмаған.

Толық

Қарап көріңіз