Өлең, жыр, ақындар

Қызылоба

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 507
Қызылоба. Тал, терек жасыл-жасыл
Судырайды-ау ақ жауын басылғасын.
Жылға суы жымысқы, жылжып аққан,
екеумізді тал түсте бір жылатқан.
Қызылоба. Тал, терек ыбыр-сыбыр,
жел тұрғанда сен-дағы ыңырсыдың.
Тал иілген — ақ басын ол да игесін...
сабақтатар кім маған енді инесін.
Қызылоба. Тал, терек судырайды,
судырайды, жылғада су жылайды.
Маңай жасыл, жапырақ ызың-ғызың,
тек қабірдің топырағы қызыл-қызыл.
Қызылоба. Қарайды ел қабірді асып,
шаруа айтады қайбірі дабырласып.
Жетім адам мен енді — белгілі адам,
"қарағымды" кім айтар енді маған.
Жасыл-жасыл шөп кірпік қыбырлатты,
қызыл-қызыл топырақ дүбір қақты.
Титтей дене қабірге түсіп кетті...
қысып кетті-ау жүрегім, қысып кетті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біз өзіміз

  • 0
  • 0

Шындық деген көк аспандай тым биік
мұхит сын-ды әрі терең тұңғиық.
Жан сендіріп жаңсақ жайлар, қате аңыз
біз де содан қателесіп жатамыз.

Толық

Дала

  • 0
  • 0

Құйын біткен адасып жүр далада.
Тастар — шұбар,
сайлар — ирек,
дөң — ала;

Толық

Қайдасың қайғы, үміт

  • 0
  • 0

Қайдасың қайғы, үміт,
сенсіз де күн бар,
жел – еседі.
Тек қарттар кешегі

Толық

Қарап көріңіз