Өлең, жыр, ақындар

Жұмақ бағы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 483
Хақ-тағала қатты еріккен шағында
жүреді екен жасыл жұмақ бағында.
Езуіне "Беломорын" қыстырып,
жын-шайтанын жинайды екен ысқырып.
"Қара дию сен үш,— деді бір күні, —
күзет анау пәнде деген жылқыны!"
Дию ұшты; бірді азғырып, бірге ұрды —
соғыс шықты.
Әй, бүлдірді-ау, бүлдірді.
"Ақ періштем, сен ұш, — деді бір күні, —
түзет анау пәнде деген жылқыны!"
Періште ұшты: бітті бәрі, тыйылды —
соғысқандар салтанатқа жиылды.
Сонсоң Алла... ол да ер-ақ кісі еді:
диюлардың маңдайына үш елі
қарғыс тігіп,
қарқылдап бір ішеді.
Ал, періште қанаттана түседі...
Құдай болу неткен қиын іс еді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арифметика

  • 0
  • 0

Екі қол еді — бір-бірімен алысты,
екі жүйке бір-бірін жеп тауысты.
Қос табақша,
екі қасық... сән ұшты

Толық

Қошалақ құмында

  • 0
  • 0

Кетіп жатты сары дала, кетіп жатты,
сұлы дәнін саршұнақ шекіп жатты.
Мына маңай не дейді-ай: қурай даусы
маңырағаны секілді жетім лақтың.

Толық

Партия

  • 0
  • 0

Ал, партия, сенің күнің бұл туған,
Өз толқының өзенімде бұлқынған.
Сүйемін мен, сүйемін мен өзіңді
Адам үшін – алға ғана ұмтылған.

Толық

Қарап көріңіз