Өлең, жыр, ақындар

Аумаймын мен де

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Мазамды алма сен менің,
Ерігіп жүрген шығарсың.
Өкініш толы кеуденің
Өксігін қайдан ұғарсың?
Дауылға кеуде тоспасаң,
Денеңді суық қарымас.
Тау асып, тасты баспасаң,
Табаның жерді танымас.
Аумаймын мен де, шамасы,
Қойшының мінген атынан.
Шоқтығым жауыр, қарашы,
Сауысқан күнде шоқыған.
Іштегі көңіл жарасы
Оқылар көздің отынан.
Үңілсе пенде баласы,
Жауырды жаба тоқыған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызым ауырғанда

  • 0
  • 0

Қорғаның боп тұрайын қарауылда,
Мен құлайын, құлыным, сен ауырма.
Сен ауырсаң төбемде күн тұтылып,
Қозғалады қара жер табанымда.

Толық

Өзімен өзі қайғылы

  • 0
  • 0

Қанаты сынған көбелек,
Отырсың әрең қалтылдап.
Жүруші ең көкте әуелеп,
Танадай болып жалтылдап.

Толық

Қызыл алма – қыздар-ай!

  • 0
  • 0

Жүрегімді жандырған,
Өзегімді талдырған,
Ақыл-естен тандырған,
Шіркін, қыздар-ай!

Толық

Қарап көріңіз