Өлең, жыр, ақындар

Өзімен өзі қайғылы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 375
Қанаты сынған көбелек,
Отырсың әрең қалтылдап.
Жүруші ең көкте әуелеп,
Танадай болып жалтылдап.
Мүсіркер сені кім елеп,
Іздемес жоқтап сай­сала.
Болдың да қалдың мүгедек,
Бейкүнә, момын, бейшара.
Шақырып гүлді алапқа,
Күліп тұр өмір алдағы.
Түсті екен нәзік қанатқа
Тағдырдың қандай салмағы?
Жарқ ете түсіп жоғалған,
Тірліктің нұры сен де бір.
Ғұмыры қысқа жаралған,
Бір нәзік сәуле менде жүр.
Сөнері оның қай күні
Құдайға ғана белгілі.
Өзімен өзі қайғылы,
Ұқпайсың, байғұс, сен мұны...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кінәлай көрме

  • 0
  • 0

Күлімдеп тұрып күндерді қарсы аламын,
Сезбеген болам тағдырдың салқын қабағын.
Арнасы терең, ағыны қатты өзендей,
Ағады тулап, барады зулап заманым.

Толық

Сұрама

  • 0
  • 0

Сұрама руымды, қадірлі аға!
Көзімді ашып тұрмын қазір ғана.
Ойыңнан шықпай қалсам –
Өкінішті,

Толық

Әр бұтада бір көкек

  • 0
  • 0

Сұғанақтан сақта, құдай, әр есікті бір қаққан,
Кәрі мыстан тоқым ояр төрде жатқан сырмақтан.
Шамалауға шақ келмейді таразының тасы да,
Қыл мойында парызым мен қарызым бар зіл батпан.

Толық

Қарап көріңіз