Өлең, жыр, ақындар

Ей, мұңлығым!

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 478
Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.
Білесің ғой мән­жайымды,
Бетпақ шөлдей қалдым қаңсып.
Жібітейін таңдайымды,
Мөлдірім­ау, алдымнан шық!
Көкте жүрген кезбелердей,
Не сұрайсың көшкен бұлттан?
Жер бетінде аз ба мендей
,
Жоқты іздеумен бас қаңғыртқан?
Жата алмадым салқын белде,
Ат сауырын күн қақтырдым.
Таба алмаспын, бәлкім, мен де
Құпиясын жұмбақ сырдың.
Тағдыр бізді аяған ба,
Кейпімді кеп көрсең еді.
Ей, мұңлығым, сәл аялда,
Мүсіркегің келсе мені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аядым

  • 0
  • 0

Қара тайым тым жүрдек,
Желе аяңдап басады.
Тартсам дағы тізгіндеп,
Бой бермейді басы әлі.

Толық

Өзекті өртеп...

  • 0
  • 0

Өзекті өртеп шыжғырады мұң шоғы,
Айттырмай­ақ білер дейсің кім соны?
Қалың елді жұртқа тастап тағы да,
Белден асты бұлаңдаған жыл соңы.

Толық

Айдын көлім, айтсайшы...

  • 0
  • 0

Айдын көлім, жел желпіген ақ жібектей ару көлім,
Толқыныңды толқын болып сүюші еді жаным менің.
Естен кетпес шаттығыңа шақырғандай бетің шалқып,
Менің аппақ аяулымдай жатырсың сәл езу тартып.

Толық

Қарап көріңіз