Өлең, жыр, ақындар

Айдын көлім, айтсайшы...

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 463
Айдын көлім, жел желпіген ақ жібектей ару көлім,
Толқыныңды толқын болып сүюші еді жаным менің.
Естен кетпес шаттығыңа шақырғандай бетің шалқып,
Менің аппақ аяулымдай жатырсың сәл езу тартып.
Айдын көлім, айқара аштың құшағыңды лағыл нұрға,
Әлде сен де сайрандаған шағалаңды сағындың ба?!
Айдын көлім, сенің айдай айдыныңды айна көріп,
Талай рет қос көлеңке тереңіңе бойлап едік.
Сен де сонда сүйіктімді аймалап ең, аялап ең,
Уа, армысың, айдын көлім, тағы жеттім жағаңа мен.
Қазір саған жаяу келдім, жалғыз келдім, сөкпе мені,
Сәулем сонау аққуыңмен бірге ұшып кеткен еді.
Айдын көлім, айтшы өзің, бауыр басты олар қайда,
Бәлкім, бір сәт сағынышын есіне алып оралмай ма?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Секенге сүйсіну

  • 0
  • 0

Туласа тұла бойда текті қаның,
Селдетіп ақ жаңбырын төкті жаның.
Аузынан ата күйдің түскендейсің,
Аруағы аян беріп Кетбұғаның.

Толық

Ерлік дастаны

  • 0
  • 0

Жұмыр жер!
Айнала бер кіндігіңде,
Қарамас ойлы көзбен кім бүгінде?
Мына әлем – алып мұхит, сен – кемесің,

Толық

Туған елдің Шәмшасы

  • 0
  • 0

Шыңға біткен гүл патшасы Еңліктей,
Қыз төресі екеніңді көрдік қой.
Шамшырақтай туған елдің Шәмшасы,
Елге қызмет еттің тізе сен бүкпей.

Толық

Қарап көріңіз