Өлең, жыр, ақындар

Ұят шарпып бетімді

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Ұят шарпып бетімді,
Арым қалай көз ілмек?
Ауа райы секілді
Ала-құла кезім көп.
Кейде менен безінді ой,
Бұлт бүркеніп қабағым.
Кейде қайың безіндей
Безерем де қаламын.
Ашам ашу майданын,
Кейде ақылды ұғынбай.
Кейде тіпті майдамын
Ақ бидайдың ұнындай.
Көңіліме қаз қонып,
Кірпігіме жаз қонып,
Жүрегіме наз қонып,
Кейде жүрем мәз болып.
Дегенмен де... кей кезде
Өзіме өзім нанбаймын.
Құйын ойнап кеудемде,
Аспанға ұша жаздаймын.

1974



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштасады күндер қолын бұлғаған

  • 0
  • 0

Қоштасады күндер қолын бұлғаған,
Көңілін бір сәт кімдер кейін бұрмаған?
Сенің де, айнам, алма жүзің солыпты-ау
Сонау жылғы маған сонша бұлдаған.

Толық

Кел, достар, кел, үйіме жиылыңдар

  • 0
  • 0

Кел, достар, кел, үйіме жиылыңдар,
Сендер мені әйтеуір ұғыныңдар.
Маздап жанған бұйығы жан отыма,
Тосырқамай, тоңсаңдар жылыныңдар,

Толық

Тұңғыш сапар

  • 0
  • 0

Есімде. Әкеме еріп жолға шықтым,
Көрінген көкжиектен белге асықтым.
Шанаменен Шәуешекке келе жатып,
Сапардың ұзақтығын алғаш ұқтым.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер