Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның!

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсін сен де тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иерлік мәңгілік!
(С)Еркебұлан Серімханұлы
(01.09.2018 жылы жазылды) #архив



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз