Өлең, жыр, ақындар

Сегіз егіз

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 73
Əрiптерде де бiртуған,
Бауырластар, егiз бар..
Олай деуге негiз бар.
Ал, айтайық,
Бiлмесең,
Ол егiздер –
Сегiз пар:
«А» мен
«Ə» егiз.
«Г» мен
«Ғ» егiз.
«К» мен
«Қ» егiз
«Н» мен
«Ң» егiз.
«О» мен
«Ө» егiз.
«Х» мен
«Һ» егiз.
«Ы» мен
«I» егiз...
Ал,
«У» мен
«Ұ» жəне
«Ү»
Үшем болып шықты,
Бұлар деген сондықтан
Бəрiнен де мықты.
Себебi
У
Уралайтын да осылар,
Ұ
Ұран тастайтындар да осылар,
Ү
Үндеу қабылдайтындар да осылар.
Ушықтыратын да осылар,
Ұр да жықтар да осылар,
Үндеместер де осылар.
Уəде бергiштер де осылар,
Ұмытып кететiндер де осылар,
Үмiттi үзетiндер де осылар.
Уақытында орындамайтын да осылар,
Ұйымдастыратын да осылар,
Үйдей пəле жабатындар да осылар.
Усойқылар да осылар,
Ұрлық қылатын да осылар,
Үлде мен бүлдеге бөленетiндер де осылар.
Уландыратын да осылар,
Ұсынатындар да осылар.
Үй сататын да осылар.
У-шу шығаратын да осылар,
Ұйым құратын да осылар,
Үлесiп алатындар да осылар.
Уақтар да осылар,
Ұлылар да осылар,
Үстемдiк жүргiзетiн де осылар.
Уқалайтындар, уқалататындар да осылар,
Ұйқастыратын да осылар,
Үстiрт қарайтындар да осылар.
Уыстап ақша табатындар да осылар,
Ұяты жоқтар да осылар,
Үкiм оқитындар да осылар...
Айта берсек көп,
Көпке дауа жоқ,
Жоқ жəне де сот...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Демалыс күні

  • 0
  • 0

Жексенбi де кеп жеттi,
Əр демалыс сайын бiз
Өзiмiзге мiндеттi
Iстi iстеуге дайынбыз.

Толық

Күн қайдан шығады?

  • 0
  • 0

Астанамыз Алматы,
Жердiң дейдi жаннаты.
Аулымыздан бiр бала
Сол қалаға бармапты.

Толық

Құрақ көрпе

  • 0
  • 0

Жердiң бетiн неге теңеу өтiмдi,
Жердiң бетi –
Құрақ көрпе секiлдi.
Суретшiнiң палитрасы ол дөңгелек,

Толық

Қарап көріңіз