Өлең, жыр, ақындар

Сортаңын әсте сүймеген самал сона жыл

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 264
Сортаңын әсте сүймеген самал сона жыл,
Тамағы талай құрғақсыған қара адыр.
Жалтаңы жайдақ жабағы жамбас дала бұл,
Далиып жатып жимаған жыртық балағын.
Қара кемерде қара бір жолдар қайқаңдап,
Барады дөңде бала қырандар байпаңдап.
Қарадым мен де дала гүлдерге толғанда,
Бала күндердің үйреншікті әнін айта алмай.
Төгіліп тері, кетпеннің жүзі таң аппақ,
Жеткенде жердің сар самал шашын тарақтап.
Жаным бір қалмай жүгірер ем-ау сонда мен
Сонау бір қырда тұсаулы жүрген ала атқа!
Қарамай оған құйғыта берсем құйынша,
Қорқып бір жылап құдайына атам сиынса:
«...Жаратқан тоба, алдында жалғыз ұлымның
Қара кетпеннен бір уыс топырақ бұйырса».
Шіркін-ай, осы аңыз болса ғой ел сенген,
Тұрса бір атам толқымай, яки теңселмей.
Кеудесін тіреп жығылған сәтте кетпенге,
Орғыта шауып оралып сонда келсем мен.
Ал оған бұдан артық та болмас мархабат,
Босқа бір тұрған кезімді айтсам ар санап.
«Ержетіп қалған екен ғой мына жаман ұл», –
Қараса сонда қолымен көзін қалқалап.
Мен тұрсам сонда алқынып сөзді айта алмай,
Ол тұрса сонда емендей қара шайқалмай...
...Сонан соң барып топырағына қайтадан
Жоғалып кетсе байқалмай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауырттың тәнімді

  • 0
  • 0

Ауырттың тәнімді,
Қинадың жанымды.
Біле алмай қор болдым
Қатерлі халіңді.

Толық

Жалғыз арша

  • 0
  • 0

Қарқаралы басында жалғыз арша,
Жалғыз арша, шіркін-ай, мәңгі қалса!
Мәңгі қалса Мәдидің әуеніндей,
Әуеніндей әсерлі жан қуанса.

Толық

Жалғыз ауыз сөз

  • 0
  • 0

Бәрін бірдей көру мүмкін көзбенен,
Бәрін бірдей сезеді ғой өз денең.
Бар әлемнің жүрегінің тынысын
Айтып берсем жалғыз ауыз сөзбенен.

Толық

Қарап көріңіз