Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз арша

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 280
Қарқаралы басында жалғыз арша,
Жалғыз арша, шіркін-ай, мәңгі қалса!
Мәңгі қалса Мәдидің әуеніндей,
Әуеніндей әсерлі жан қуанса.
Жалғыз қалсам саламын сол бір әнге,
Әннен басқа артыма қалдырам не?
Сыр айтатын сен бе едің, Қарқаралы,
Сыр айтатын «Шайтанкөл» болды ма әлде?!
Жалғыз арша...
Жалғыздық жалықтырмас,
Ғасыр сырлас,
Өзіңмен халық құрдас.
Қара тасты қақ жарып шыққан арша,
Қалай ғана от болып жанып тұрмас.
Көп болған соң өзіңе жау да, сірә,
Кеттің бе екен өрмелеп тау басына.
Сол арада тұрақтап қалдың ба екен,
Көнбеймін деп ездердің саудасына.
Жалғыздыққа жау да көп,
Уайым көп,
Бірақ, сенің сынатын сыңайың жоқ,
Тау басына шығандап кеттің бе екен,
«Не де болса биіктен құлайын!» – деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын шуақ маңайың

  • 0
  • 0

Алтын шуақ маңайың,
Жұтайын да, қанайын.
Бал татыршы тіліңнен
Өртенейін, жанайын.

Толық

Бір борыш

  • 0
  • 0

Әр нәрсеге болам деп алаң мына,
Кейде сирек аламын қаламды да.
Дүниеге келген соң
Бір борышым

Толық

Наурызға наз

  • 0
  • 0

Біз асқан асу, тау-құз көп,
Мерт қылып махаббатымды...
Жетпіс жыл бойы
«Наурыз» деп

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар