Өлең, жыр, ақындар

Әсем қала - Нұрсұлтан!

Жайнап, жайлап кең қазақтың даласын,
Әлдилеуде бұл Нұрсұлтан болашақтың баласын.
Әсемдікпен көз тартатын кереметтей сәулетін,
Көргеніңде бір қуанып, бір марқайып қаласың.
Жасыл желек жайқалған жұмақ десем сенерсің,
Бұл Нұрсұлтан әр қазаққа мәңгілік бақ-көгершін.
Бәйтеректей үстем болып еліміздің еңсесі,
Жастарымыз Нұрсұлтандай, жас қаладай көгерсін.
Бақ боп қонған басымызға астанамыз қашан да,
Бейбітшілік қаласы боп, бар алашты тербетсін!

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Журналистика факультетінің 1 курс студенті: Ержанқызы Назерке



Пікірлер (1)

Еркеназ

Оте керемет екен маган катты унайды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар