Өлең, жыр, ақындар

Аспанменен, жерменен, теңізбенен

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 319
Аспанменен, жерменен, теңізбенен,
Өмір сүрер өзіңді егіз деп ем.
Егізімді шарқ ұрып іздемесем,
Ешбір жан жоқ мені ойлап, мені іздеген!
Келе жатып жолменен, тауларменен,
Тау үстінен тау болған арман көрем.
Айтар болсам әжемнің сөзіменен,
Осы екен ғой, осы екен «жалған» деген...
Осы жолмен бір кезде көшкен елім,
Көшіп жүріп көп өмір кешкен елім.
Тау үстінде тау болып жатқан ерді
Сүйген едім деуге де сескенемін...
Ерлік жасап егізім мен үшін де,
Келе алмай бір кеткендей келісімге.
Жер көрпесін жамылмай сағынышым
Тірі жүрген сияқты ел ішінде.
Сырларымды айтармын кімге бүгін,
Кімге бүгін құлайды бұл көңілім.
Қай жерлерде қалды екен аяқталмай
Менің тірі жастығым, күнделігім?..
Аспан – айдын айнадай жатыр ашық,
Құпиясын зерттер кім, ақылы асып.
Тау басында тау жырын оқыр ма екен,
Жылдар, жылдар соққан жел бетін ашып.
Алтын – бесік тұрғандай тербетіп ел,
Тербетіліп еліммен ер жетіп ем.
Дос жүрегі жазылған күнделігім,
Күнделігім көшкен бе жер бетінен?
Сол бір адам – арманым мәңгі менің,
Мәңгілікке көміліп қалды көңіл.
Жерге сіңген бәйтерек тамырындай,
Жерде жатыр қимасым, жан-жүрегім!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғады жүрек

  • 0
  • 0

Соғады жүрек!
Тынымсыз тулап кеудемде,
Серт еткендей сенбеуге.
Көктемге көшкен құстардай,

Толық

Қарызбын саған

  • 0
  • 0

Қарызбын саған, туған ел,
Жұмғанша мәңгі көзімді.
Қарызбын саған,
нұрлы әлем,

Толық

Жүйрігін жүрер кім баптап

  • 0
  • 0

Жүйрігін жүрер кім баптап,
Тірліктің түрі оған жат.
Ақша, дүние қымбаттап,
Арзандап кетті-ау адамзат.

Толық

Қарап көріңіз