Өлең, жыр, ақындар

Жүйрігін жүрер кім баптап

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 248
Жүйрігін жүрер кім баптап,
Тірліктің түрі оған жат.
Ақша, дүние қымбаттап,
Арзандап кетті-ау адамзат.
Қарауға тура жасқанам,
Көздері суық, тас қандай.
Бүгінгі туған жас балаң,
«Ақша» деп аузын ашқандай.
Жыр етіп қалай жазармын,
«Нарықтық» түлкі бағаны.
Көздері мың-сан базардың,
Тиындай жарқыл қағады.
Екінің бірі «батыр» боп,
Көрсетер өзін алып қып.
Айтпаймын бірақ жатыр деп,
Халықты нарық қарық ғып.
Үзіліп шегі төзімнің,
Басылып қапты сан батыр.
Алтында емес өзімнің –
Екі көзім нанда тұр...
«Өтпелі» өмір... бір мән бар,
Өтпелі бітпес әй, тегі.
Қарыны тоймай тұрғандар,
Өлеңді оқып қайтеді?
Өткізбей барға түк тілін,
Шайқардай басын мұңды Абай.
Шаруасы жоқ «мықтының»,
Көріп жүр күнін кім, қалай?
Апатқа қарап сұрапыл,
Көміліп даусы тасқынға.
Қайыршы болып жүр ақын,
Сауданың табан астында...
Ұнамай, кімге ұнайды
Жүйкесін жұрттың қашап бір.
Жасаған қолдар «құдайды»,
Жасанды аштық жасап тұр...
Халықтан қарғыс асап тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейде көктем, қыс кейде

  • 0
  • 0

Кейде көктем, қыс кейде,
Оралмайды кешегің.
Шын махаббат түс бейне,
Сипап қалар төсегін.

Толық

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі

  • 0
  • 0

Бұлбұл, сенің әнің маған белгілі,
Әнің сенің жасыл бақша, жер гүлі.
Саған таңсық емес сонша, сеземін,
Қырандардың аспандағы ерлігі.

Толық

Туған ауылға

  • 0
  • 0

Үрлей ескен жел ме мынау, самал ма,
Толқын өрген жасыл шалғын даламда.
Күніне мен жүз сүйемін ауылымды,
Көңілімнің құндағына алам да.

Толық

Қарап көріңіз