Өлең, жыр, ақындар

Туған ел

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 325
Көз алдыңда биігім мен еңісім,
Өз алдыңда көкжиегім кеңісін.
Мақтанышың болмасам да, туған ел,
Өмір сүріп жүргендеймін сен үшін.
Ескермеймін аздығын да күшімнің,
Сен арқылы өмір сырын түсіндім.
Құлағыңа маза бермей шырылдап,
Ұшып-қонған бағыңдағы құсыңмын.
Бар көктемнен ерекше бұл көктемің,
Көз алдыңда бүгінім мен өткенім.
Қуанайын, өкпелейін — бәрібір,
Сенен басқа барар жерім жоқ менің.
Қол соғасың дауысымды сен тыңдап,
Саған деген сезімім жүр еркімді ап.
Топырағыңа бауырымды басып бір,
Шырт ұйқыдан оянамын солқылдап.
Туған елім, көңіліңе құмармын,
Сыр алдырмай сынағыңа шыдармын.
Биіктеген бәйтеректің басынан
Жапырақтай сырлар шертіп тұрармын.
Ыстық-суық басқа талай туар күн,
Өз күніңнің нұрымен бет жуармын.
Қай кезде де бірге өзіңмен тыныстап,
Қай кезде де бірге өзіңмен қуандым.
Бір өзіңсің сүйенгенім, сенгенім,
Жыр отың боп жанып тұрдым, сөнбедім.
Тебіренген сәттерімде, туған ел,
Көкірегіме сыйып кеттің сен менің.
Аймалайын, туған елім, еңселім,
Ойда жоқта оғын сілтеп келсе өлім,
Жұлдызды бір жапырақтай көгіңнен
Құшағыңа құларым хақ мен сенің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елім менің енді шықты «құлдықтан»

  • 0
  • 0

Елім менің енді шықты «құлдықтан»,
Уақыт деген байлаусыз жел, кімді ұққан.
Жерге тамған қан мен тері әкемнің,
Сұрауы жоқ судай болды құм жұтқан.

Толық

Суретім

  • 0
  • 0

Көзге ілінбес бұл да өмірдің сынағы,
Талғамымды кімдер қалай ұғады?
Өз суретім өзіме ылғи ұқсамай,
Қолыма алсам басқа болып шығады.

Толық

Өлмегендер

  • 0
  • 0

Өлмегендер –
Тірі кетіп, үйіне келмегендер.
Отан үшін өмірін көктей қиып,
Сүйем жерін жауына бермегендер,

Толық

Қарап көріңіз