Өлең, жыр, ақындар

Баладан еш нәрсеңді аяма.

Тілашар той жасадым Саяма,
Баладан еш нәрсеңді аяма.
Атам - бабам тойға шашқан барлығын,
О , құдайым қазақты тойдан айырма.

Саян-ай жан немерем,
Мен сені жақсы көрем.
Биіктен сен көрініп,
Бол мақтанышы еліңнің дер ем.,
.
Айтылды талай жақсы тілек,
Келген қонақтардың көңілі бөлек,
Ақ тілек айтылып, баталар берілді ғой
Қуаныштан жарылады-ау, толқып жүрек.

Әмин деп қабыл болсын,
Жақсылыққа орта толсын.
Саянайым білімді бол, өнерлі,
Басыңа жарқыраған бақ қонсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар