Өлең, жыр, ақындар

Елес

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 279
Ай,
Мен үнсіздікке шомған Оның елесімен қатар ұштым,
Көгілдір дүниедегі сенің шұғылаңды жамылып.
Мен де айналдым елеске.
Оны үн-түнсіз құштым,
Мың жылдан соң кезіккен ғашықтардай сарылып.
(Бір сәттік қиял арқылы
О дүниеге жалғадым Бұ дүниенің тамырын.)
Ал,
Ол ылғи жүреді Елес дүниесін мекен ғып,
Аппақ қанатын қағып
қап-қара бояулардың ішінде.
Сенің күңгірт шұғылаң
сүйіп бір жатқан шақта шекемді,
Тек соны көремін түсімде.
Іңкарлік төсегінде бірге түнеймін,
Өзіңнің нұрыңа жуынған ғұсылмен.
Ай,
Сенің бейнеңдегі мәңгілік ұйқыға
шомып бір кеткен жарым
Сол еді!–
Бұ дүниелік маған тәлім.
Оны еске алу –
әрине, дауылдар толқытқан
бейуаққы теңізді кешіп өтуден де ауыр...
Жүзімді шарпиды аңсар мен
сағыныштан тұтанған жалын.
...Қасіретім – оның қап-қара шашынан да қалың!
Ай – Жаным...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бейуақ

  • 0
  • 0

Бейуақ...
Үйірлі жылқылар дүбірі–
Рухтың үніндей
Көкірек нұрына тамшылар...

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 0

Сезім нұры жауғанда себелектеп,
Ермен мұңға мас болған ебелектеп.
Қызыл гүлдің жабысып қауызына,
Қонса жалғыз қоңырқай көбелек кеп...

Толық

Табыт-шырақ

  • 0
  • 0

Қараңғы қабырға ішінен беймезгіл тұтанған шырақ.
Пенделер демінен тербелген алауы –
жаныңның нұрына шарпылар.
Сол күні сен жалғыз мәңгілік сапарға шыққансың ұзақ,

Толық

Қарап көріңіз