Өлең, жыр, ақындар

Мен бақытты болу үшін.

Әйел бақыты.

Мен бақытты болу үшін,
Сұрамаймын көп бұйым.
Алтын күміс керек емес.
Берсең болды мейірім.

Мен бақытты болу үшін.
Қажет емес көп ақша.
Қол ұстасып жүрсек болды.
Мәңгі бірге гүл бақта.

Мен бақытты болу үшін.
Қымбат киім сыйлама.
Маған сеннен керегі тек.
Құрметпенен сыйғана.

Мен бақытты болу үшін
Керек емес көп сыйдың.
Шын көңілмен берсең болды.
Бір ақ талын ақ гүлдің.

Мен бақытты болу үшін.
Сыйлама көлік,үйіңді.
Ешқашанда түсірмеші,
Менің көңіл күйімді.

Мен бақытты болу үшін.
Еш нәрсемен ақталма.
Жай қасымда жүрсең болды.
Әр кештерде,әр таңда.

Мен бақытты болу үшін.
Ойлама табыс аздығын.
Екеуміз бірге көрсекпе деймін.
Балалардың қызығын.

Мен бақытты болу үшін.
Жасама менің жайымды.
Картайғанда қауқылдасып.
Бірге ішсек болды шайыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз