Өлең, жыр, ақындар

Қаңтардың қай бір түні еді

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 349
Қаңтардың қай бір түні еді,
Қалған ем әйтеу қаңғырып.
Ұсынды маған жүрегін,
Жалғыздық деген – жарлы үміт.
Сол бір түн әлі ойымда,
Бәрін де тұрдым мойындап.
Келемін жалғыз уайымдап,
Бейтаныс көше бойында.
Көліктер жатыр зуылдап,
Көше ғой тегі шуылдақ.
Қарыны тойған сәбидей,
Алматы жатыр пырылдап.
Сары шұнақ аяз,
(Тым шұнақ),
Соңымнан қалмай шымшылап.
Ойымда менің тұрды тек:
«Барамын қайда?» – бір сұрақ.
Ықтасынға бір бұрылдым,
Қараңғы еді ол, жарықсыз.
Панасыз жүрген пенделер,
Үш-төртеу болып қалыппыз.
Көзімді жасқа толтырдым,
Қаңғырған жандар үшін тек.
Оларды аяп мен тұрмын,
Олар тұр мені мүсіркеп.
Қаншама жол басқаныммен,
Кеудемде әлі пақыр мұң.
Панасыз «жолдастарыммен»,
Бір таңды солай атырдым.
Суыққа тоңдым, үсіндім,
Жанымда тілсіз зар-мұң бар.
Сендерді сонда түсіндім,
Қаңғырған қайран тағдырлар...

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иек сүйеу

  • 0
  • 0

Үн-түнсіз. Жым-жылас.
Есік пен терезе –
Мәңгілік ашылмас кейіпте. Жабылған.
Әлдене аңсайсың. Кебедеі кенезең.

Толық

Вокзал. Таң

  • 0
  • 0

Адамдар адасқан вокзал,
Ешкімнің жасына сенбес.
Қарсы алып алатын жандар,
Шығарып салуға келмес.

Толық

Қобыз үні

  • 0
  • 0

Ез тірлікке кететіндей есем дүр,
Көңілімде секең қағып секем жүр.
Екі кештің арасында, япыр-ау,
Есі кетіп еңіреген не екен бұл?

Толық

Қарап көріңіз