Өлең, жыр, ақындар

Вокзал. Таң

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 376
Адамдар адасқан вокзал,
Ешкімнің жасына сенбес.
Қарсы алып алатын жандар,
Шығарып салуға келмес.
Пенделер тіл қатар сараң,
Жұбатпас бұлыңғыр көше.
Бүгін де адасып барам,
Мен онда адасқам кеше.
Қапаста құстар тұр небір,
Шыққысы келеді тордан.
Анау бір Алаңда шеру,
Е, оның бәрі де жалған.
Көзіме құйылған ғарыш,
Ол дағы жаралған мұңнан.
Мен сүйген сағыныш алыс:
Бейуақ сыңсыған нулар...
Ән салар Мұңлық пен Зарлық,
Ішінде дүбірлі көштің.
Тауларды тоздырар жаңбыр,
Бәрін де мүжіген өксік.
Шараппен тарқатып шерді...
Көңілім қалды бар жолдан.
Сен мені өксітпе енді,
Армандар адасқан вокзал.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз элегиясы

  • 0
  • 0

Күз.
Солғын жапырақтардың сарғыш бояуы
Ескі ғашықтың есіл жүзіндей
Сағыныш лебін сапырған.

Толық

Қобыз үні

  • 0
  • 0

Ез тірлікке кететіндей есем дүр,
Көңілімде секең қағып секем жүр.
Екі кештің арасында, япыр-ау,
Есі кетіп еңіреген не екен бұл?

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Ай,
Мен үнсіздікке шомған Оның елесімен қатар ұштым,
Көгілдір дүниедегі сенің шұғылаңды жамылып.
Мен де айналдым елеске.

Толық

Қарап көріңіз