Өлең, жыр, ақындар

Қобыз үні

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 563
Ез тірлікке кететіндей есем дүр,
Көңілімде секең қағып секем жүр.
Екі кештің арасында, япыр-ау,
Есі кетіп еңіреген не екен бұл?
Не екен бұл?
Сұмдық айтқан сұңқылдап,
Тұңғиықпен тілдесіпті мұңшыл бақ.
Өзегінің өзегіне өрт кетіп,
Жатыр екен кім тыңдап?!
Бара жатыр шырқымды ап.
Жұмыр жердің дірілдеткен жүрегін,
Бұл қобыз ба?
Иә, қобыз... білемін.
Көрін қазып жатырмысың біреудің,
О, ұлы өлім, ұлы өлім?!
Сүркей үннен сұрқы қашып бақтардың,
Қара таудың қабағында қатпар мұң.
Жұлым-жұлым жүрегімді жұлмалап,
Бұл қобызды тартқан кім?!
...Айтшы досым,
Оу, ізгі,
Боздатқан кім мынау боздақ қобызды?
Бұл жалғаннан мініп келмес кемеге,
Қанша жандар қапияда қол үзді?
Әлде мынау қобызы ма Қорқыттың,
Қуғындаудан құтылған ба ол тұтқын?
Ол емес қой, ендеше мен несіне,
Көңілімді толқыттым?
Нәлет айтып замананың зарына,
Өрт кеткендей көңілімнің бағына.
Сол бір әуен сұңқылдайды тағы да,
Үрей келіп ұялайды жаныма.
Желмаясын мініп алып тайпалған,
Сыбыр естіп сиқыры мол сайтаннан.
Қорқыт қашып құтылмаған ажалдан,
Ал мен қашып құтылам деп айта алман...
...Кемем әне шайқалған...

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоңыр кештерде өрген ойларым

  • 0
  • 0

Қоңыр кештерде өрген ойларым
Қайырусыз кеткен түзге…
Қыраулы сезім құндақтап көңіл орманын,
Қолаты қорған бола алмас қоңырқай гүлге.

Толық

Мендегі іңкәр сезімді арбай

  • 0
  • 0

Мендегі іңкәр сезімді арбай,
Жатады таулар тұмандарға шөгіп.
Көшкен бұлттардан көзімді алмай,
Отырам ұзақ қиялдарға шомып.

Толық

Өрмекші

  • 0
  • 0

Екі дәуірдің арасын бөлген
ақжал толқынды өзен,
Кешіп өтудің мүмкін еместігін
жон арқаңмен сезесің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар