Өлең, жыр, ақындар

Ұлу

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 524
Еме, еме өскен ем Бөрі Анамның емшегін,
Көкірегіме құйып ап жанарымның мөлтеңін,–
Қияндарға жорттым сан сапар шегіп, жол шегіп,
Болсадағы тұманды бүгінімнен ертеңім.
Теңіздің де көрсетпес қара тұман айдынын,
Қалғиды анау қара тау... қап – қара тау қайғылы.
Жанарымды шарпыса жалқындаған Ай нұры,
Жебелердің ізінен жосып ағып зар – мұңым
Атылады жай құсап.
Мұңға толы даусымда жатыр менің жан құсам.
От шайнаған азудан арлан тісім ақсиып,
Қасіретімді ұғарсың Айға қарап қарғысам.
Көп-көгілдір көз жасым көкірегіме түнеген,
Оны кейде аспанға шашып-шашып жіберем!
Аңғарлардың ішінде арқыратып қуамын,
Қысырақтың үйірін құйрық-жалын күзеген.
Сосын ұзақ отырам құба дөңнің үстінде,
Сәл мызғысам болғаны түсіме ылғи қыс кірген.
Көкжиектің нұрына кере қарап төсімді,
Аққан жұлдыз алауын арпалысып іштім мен...
Тұрсадағы бір сәтке Ай толықсып... Күн бүрлеп,
Өзегімді өртейді мың сағыныш, мың бір леп.
Мынау ғазиз ғаламның әйнегінен мұң күлген,
Қасіретімді қайтсем тауысармын түнге үрлеп!
...Жатады ұ-за-ақ бұл дауыс күн астында күңгірлеп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақтас

  • 0
  • 0

...Мүжіп біткен уақыттың дауылы,
Менің мұңлы қиялымдай ескірген.
Сан ғасырлық сағыныштың жазуы
Сіңген саған һәм кеткен тым өшкіндеп.

Толық

Мүлгиді үнсіз мынау бақ

  • 0
  • 0

Мүлгиді үнсіз мынау бақ,
Жеткендей бір сұм хабар.
Тымық түнде тыраулап,
Қайда кеттің тырналар?

Толық

Түн қойнында түпсіз қиял шырағы

  • 0
  • 0

Түн қойнында түпсіз қиял шырағы,
Орманында адастырған ой мұнар.
Ессіз сәттің естелігі жылады,
Үскірігі үмітіңді тоңдырар.

Толық

Қарап көріңіз