Өлең, жыр, ақындар

Сәлемдемең келіпті

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 193
Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Ағажан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті сәлемің жоқ.

Құдірет білсең ғажап сезімде екен,
Жыр жазып алас ұрған кезім бөтен.
Хат салмай сәлемдеме салғандығым,
Амандықтың куәсі дедің бе екен?!

Құшақ-құшақ қойнына сырды ап қалған,
Дауысыңды әдемі тыңдап қанған,
Сәлемдемең. Ол дағы тіл қатпайды,
Саусағыңмен әдемі құндақталған.

Бірде жанып, бір кезде өшкіндедім,
Сол шағымды сезген жоқ ешкім менің.
Хат келер деп тәп-тәтті үмітке еріп,
Көктеменің өткіздім көп күндерін.

Мен тарттым сағыныштың әлегін көп,
Ақ қайың тұрған шақта және бүрлеп.
Аға жан көктемдегі құспен бірге,
Сәлемдемең келіпті, сәлемің жоқ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойласам жүзім нұрланар

  • 0
  • 0

Тулайды жүрек атыңды,
Естісе тайдай тұяқты.
Лап ете қалам көргенде,
От келе жатқан сияқты.

Толық

Топшылау

  • 0
  • 0

Бәлкім мен назарыңда тау шығармын,
Алдырмаған қамалын жау шығармын.
Жырлай жүріп өзіңді өртеніп ем,
Жырлай жүріп бір күні таусылармын.

Толық

Досыма

  • 0
  • 0

Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Тым болмаса досым-ау бір келіп кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер