Өлең, жыр, ақындар

Досыма

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Тым болмаса досым-ау бір келіп кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.

Жан сарайдан төгесің жарығыңды,
Жаны сырлы жан едің әні мұңлы.
Сен кеткен соң талықсып сар даладай,
Ішке бүгіп жатамын жалынымды.

Тас бұлақтай кеудеңде жатқан дарын,
Сырласумен атып ед ақ таңдарым.
Сен болмасаң таулардың қыртысындай,
Жанымның кімге жаям қатпарларын?

Өзге жандар кетсе де толып маңға,
Сені іздеймін жабығып торыққанда.
Жыл аралап сезінем жолыққандай,
Күн аралап өзіңе жолыққанда.

Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Жадыраған күлкіңмен аластап кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман қыз

  • 0
  • 0

Жаңа атқан таңдай едің,
Жүз болса маңдай едің.
Қасыңда қысылушы ем,
Сөз таппай қалмай ебім.

Толық

Кеттім ақыр

  • 0
  • 0

Кеттім ақыр қош енді өскен қала,
Саған қарай жүгірмен өкпемді ала.
Ештеңе де алмаймын енді сеннен,
Қалғаны есте ұмтылмас сәттер ғана.

Толық

Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген

  • 0
  • 0

Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген,
Сенсіз ғұмыр кешуге де үйренгем.
Табанымда жатқан кірпіш баспалдақ,
Сағыныштың тамшысына иленген.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер