Өлең, жыр, ақындар

Ойласам жүзім нұрланар

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 232
Тулайды жүрек атыңды,
Естісе тайдай тұяқты.
Лап ете қалам көргенде,
От келе жатқан сияқты.

Назарым саған ауған соң,
Барлық мінезің сүйікті.
Тау жоқ сияқты ойланам,
Саған жететін ыйықты.

Жіберсем бе әлде бір хабар,
Жел боп шашыңды өбермін.
Ойласам жүзім нұрланар,
Қасыңа барсам не болдым?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтай жері

  • 0
  • 0

Өр Алтайдың таулары да өр еді,
Қарттары да ой айтатын өрелі.
Жарға құлап бара жатсаң бір уыс,
Жусаны да саған көмек береді.

Толық

Ақша бұлт

  • 0
  • 0

Ақша бұлт. Сен армансың көкте жүрген,
Сен жаусаң гүлдер жайнап көктем күлген.
Арудың көйлегіндей үлбірейсің,
Именіп ақбоз үйге еппен кірген.

Толық

Қара көлік

  • 0
  • 0

Беймезгілде қай сезімге еліттім,
Сыйластық пен қимастық бір деп ұқтым.
Елеңдеймін қара көлік зу етсе,
Түсі қара сіз мінетін көліктің.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер