Өлең, жыр, ақындар

Өткен күндер мазалады көп мені

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 534
Өткен күндер мазалады көп мені,
(Күлген бейнең көз алдымнан кетпеді).
Біздерге ортақ ештеңе де жоқ деме,
Ай менен күн бар жұлдыздар, оттегі.

Солар бар да жер үстінде жұптармыз,
Күнге қарап мөлдіреген шықтармыз.
Айға қарап ұзақ түнде сыр шертіп,
Жұлдыздардан сезім сырын ұққанбыз.

Сені маған көрсетпейді төңірек,
(Жер жарықтық жаралыпты кеңірек)
Терең тыныс алғанымда сені ойлап,
Көкірегіме көп оттегі көмілед…

Кең болса да жердің бағыт бар тұсы,
Тауып алар бағдаршысы бар кісі
Қамдамақ боп сен күрсінген сәттерде,
Оттегінің саған кетті жартысы.

Көбелек те қатар ұшад гүлдерден.
Мысалдар көп, (сұрай көрме түндерден)
Маңайыңда жүрген жанда не арман,
Мына өмірдің театрын бір көрген?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз аулаған күн

  • 0
  • 0

Қадалдым неге жалғыз нүктеге,
Сүңгі-мұз кірпік… көз жаурап?
Үйлесім таппай мынау тірліктен,
Кеңістікте ұшқан Сөзді аулап.

Толық

Қаракемер

  • 0
  • 0

Биікке мойнын созып есі кеткен,
Аспанның көкірегін тесіп өткен,
Емес ол.
Жатағандау қазан тауды,

Толық

Сағыныштан у ұрттадым

  • 0
  • 0

Таулар маңғаз, нулар кербез, қыз керім,
Көктем мынау кім тағады бізге мін?
Бұлттар ғана жуып-шайып көшені,
Іздейді кеп Мұқаңдардың іздерін.

Толық

Қарап көріңіз