Өлең, жыр, ақындар

Жаңбыр кештім

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 301
Сол бір оттың сен де көрдің аптабын,
Жанған отты жан сарайға сақтадың,
Неге маған кінәні үйіп төкпедің,
Неге сеннен тарыдай мін таппадым?

Жаңбыр кештім.
Шыға алмадың шатыр ап,
Сені күттім жан секілді ем ақымақ.
Күзгі бақтың жұрт жинады жемісін,
Екеумізге бұйырғаны жапырақ.

Селт еткізбей ішіп-жеген көздер түк,
(Оларға да айтылды сан сөздер тік)
Назарыңды сен бұрғанда басқаға,
Әуенімді мен де айттым өзгертіп.

Басқа таудың ұнатқанда баласын,
Басқа жаққа қағылғанда қанатым.
Сезіп тұрып, сезбгендей тіл қатып,
Естіп тұрып естімеген боласың.

Қоштасып ем.
Білсем дедің себебін,
Менде қалып қояд дедім неге мұң.
Онсыз дағы жырақта едің неге олай,
Айтқанымды түсіне алмай келемін.

Өзің жаққа бастамайды жол кілең,
Амалсыздан көкжиекке телмірем.
Сол сезімді суытар сөз естуге,
Не істесем болар екен енді мен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасырамын сөзімді

  • 0
  • 0

Болсам ба екен, жаныңның құрбандығы,
Көркін ашып бағыңның тұрған гүлі.
Саған айтқан сөздерім, жазған жырым,
Айтылмаған сөзімнің мыңнан бірі.

Толық

Сол шыршаның түбінде

  • 0
  • 0

Ыстық сәлем аитқалы келе жатқан күндерге,
Жаңа жылды тойладым толды құшақ гүлдерге.
Жастайынан кесілген топ ішінде шырша тұр,
Қаяу салып көңілге неге келдім бұл жерге?!

Толық

Әке

  • 0
  • 0

Көрмеген соң көсеуге де таң қалып,
Көп ұмтылдым биіктерге қарманып.
Әке сенмен бірге кеткен бақытты,
Мына өмірден көп іздедім сандалып.

Толық

Қарап көріңіз