Өлең, жыр, ақындар

Атырау

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 390
Атырау!
Тағы жыр боп ағытылдым,
Тоқтайтын тұсы сенсің бағытымның.
Шақ қалып жығылуға жүрем сенде,
Салмағын көтере алмай шабытымның.

Алтайдан саған дейін құлаш ұрған,
Айналдым бабалардың мұратынан.
Каспий дейтін арудың мұнайыңды,
Бұрымы ма деп қалам шұбатылған…

Жүргендейсің дәптерге шимай жазып,
Жан-жағыңа қарасаң мидай жазық.
Аялдамай бір сәтке қайта шығар,
Батқанымен ерке күн қимай барып.

Ұйқыдағы арудың көрпесіне,
Ұқсайтын құмға барам ертесің бе.
Сағынышым ботаның көздерінде,
Тауларым жүр түйенің өркешінде…

Қарай-қарай көз талып дара шыңға,
Келе алмадым тағдырмен жарасымға.
Іздейінші жеткізбей кеткен арман,
Киіктердің жүр ме екен арасында…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елес күндер

  • 0
  • 0

Елес күндер біздерге табылмас ән,
Сезбес едім қадірін сағынбасам.
Жазғыра бер сен мені ғашық қарғам,
Сені ойлаудан бір мезет дамвлдасам.

Толық

Сен бе әлде

  • 0
  • 0

Бұтақ-бұрым ақ лентамен өрілді,
Ақ бояумен сырлады қыс жолымды.
Саған деген көңілімнің алдында,
Ақша қарды шаң басқандай көрінді…

Толық

Көктем келер

  • 0
  • 0

Бұлт айықса аспанды тұмшаламай,
Өтер ме едік алаңсыз күн санамай.
Жатыр дел-сал алматы туыттан соң,
Талығып қалғып кеткен тұмса анадай.

Толық

Қарап көріңіз