Өлең, жыр, ақындар

Елес күндер

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 353
Елес күндер біздерге табылмас ән,
Сезбес едім қадірін сағынбасам.
Жазғыра бер сен мені ғашық қарғам,
Сені ойлаудан бір мезет дамвлдасам.

Сағыныш-шөл құшағын айқара ашқан,
Сәзім – жаңбыр бұлттарын шайқады аспан.
Ертегінің екеуміз кейіпкері,
Тағдырменен бетпе-бет тайталасқан.

Ессіз ғашық ет жүрек елжіреген,
Көкжійегі сен жақтың көлбіреген.
Әндеріңді сағынам майда қоңыр,
Жанарыңды сағынам мөлдіреген.

Жағымды еді күлгенің мұңайғаның,
Мұңаймағын сен енді мұңаймағын.
Қанатыммен жасыңды сүртейін деп,
Сездің бе аспаныңды шыр айландым!

Басқа таудың сен ерке кійігі едің,
Өнеріңмен ортаңнан бійік едің.
Сар даладан адасып жол таба алмай,
Сен кіресің түсіме жиі менің.


Қиял-теңіз түбіне шым батырад.
Қиял кейде жұлдызға тіл қатырад.
Қиял менен шындықтың ортасында,
Сені ойлауым-бәрінен қымбатырақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойласам жүзім нұрланар

  • 0
  • 0

Тулайды жүрек атыңды,
Естісе тайдай тұяқты.
Лап ете қалам көргенде,
От келе жатқан сияқты.

Толық

Ақша бұлт

  • 0
  • 0

Ақша бұлт. Сен армансың көкте жүрген,
Сен жаусаң гүлдер жайнап көктем күлген.
Арудың көйлегіндей үлбірейсің,
Именіп ақбоз үйге еппен кірген.

Толық

Құйттай ғана құлыным

  • 0
  • 0

Құйттай ғана құлыным,
Жүз айланып жүзбір рет толғанам.
Толғанудан шаршамаймын таң қалам.
Байқамаймын уақыттың өткенін,

Толық

Қарап көріңіз