Өлең, жыр, ақындар

Көктем келер

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 346
Бұлт айықса аспанды тұмшаламай,
Өтер ме едік алаңсыз күн санамай.
Жатыр дел-сал алматы туыттан соң,
Талығып қалғып кеткен тұмса анадай.

Бақтар жоқ аый беретін алмасынан,
Жолдар жатыр сыз өтіп жамбасынан.
Сары алтын сырғалар-жапырақтар,
Әлі күнге түспей тұр тал басынан.

Шарлаған көк жиегін мұз балағы,
Ала тау қалай ғана міз бағады.
Ол мынау ару қала Алматыны,
Жел түгіл самалдан да қызғанады.

Жолдардың кейі таныс ,кейі бөтен,
Арманды Алатауға бейім етем.
Алматы қалай жылы деп сұрасаң,
Ол деген Ала таудың пейілі екен.

Сыйы бұл бізге берген жаратқанның,
Шықсам дап бійігіне талаптандым.
Тау солай қар жастанып мұз төсенген,
Тірліктің тартамын деп бар аптабын.

Жапырақ сыбырына ұйып қалсам,
Кеудеңе құдірет қой құйып та алсаң.
Абайдың даңғылында ұзақ жүрем,
Ойыма сүрлеу таппай тұйықталсам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Қапалақтап қар да жаусын,
Жаңбыр да ұзақ сіркіресін.
Толастамай дауыл соқсын,
Күн де ұзақ күркіресін..

Толық

Нән қаланың тұрғыны

  • 0
  • 0

Естілетін сирек күйдің күмбірі,
Ысы қою нән қаланың тұрғыны.
Сөзіңізде керуеннің сыңғыры,
Сіз де өлеңге айналарсыз бір күні…

Толық

Қарап көріңіз