Өлең, жыр, ақындар

Қар жауғанда

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 548
Жоқ енді ашық күн де, жасыл бақ та,
Асық боп жапыраққа асылмаққа,
Қарбалас жауып жатыр ақ ұлпа қар,
Сенің жүрген ізіңді жасырмақ па?!

Қоштасқанда әрдайым батар күнмен,
Деп күтемін таңым да атар бірден.
Сағынған шақ өзеннің жағасына,
Барып қайтам екеуміз қатар жүрген.

Жетсем баяу аяқты толқып басып,
Тәтті ойларым кетеді қорқып қашып.
Қар жауған.
Біздер жүрген күре жолмен,
Басқа жандар барады қолтықтасып.

Елесіңнен өзіңнен адасқанда,
Таппай сая бақтағы ағаштан да,
Жер бетінде сұлулық қалмағандай,
Шет-шегі жоқ қарадым ақ аспанға:

Аспан сенмен болама кеңескелі?
Кеңістіктен келбетің елестеді.
Деп тұрғандай ақ аспан «Ақ сезімің,
менің жауған ақ қарым емес пе еді»?!

«Бар сырыңды сақтаймын жырыңды да,
Қайғы бейім қашанда бұрымдыға».
Деді ме жеңіл ұшқан бір түйір қар,
Еріп кетті жүзіме ұрылды да.

Қалмағандай кірбеңдік жанымда түк,
Жіберді ой мені қайта жалындатып.
Жауып жатқан ақша қар саған деген,
Сағынышты кетіпті қалыңдатып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемнің бұлттары

  • 0
  • 0

Бір жұтым суға, шөлдеген қан тамыр сынды,
Аспанды ары итерген, Хантәңір сынды.
Кім түсінеді, ей, бұлттар, жерге ынтық сенің,
Бір сәтке дамыл алмаған арпалысыңды?

Толық

Үнсіздік

  • 0
  • 0

Үн-түнсіз келіп қасыма,
Қолымды қыстың ақырын.
Қолымды алып қашуға,
Жетпеді мүлде батылым.

Толық

Мәңгілік жыр жазайық

  • 0
  • 0

Бірге жүрген күндердің,
Сағаттары жүйрік пе!
Әміріне жүректің,
Айта алмайсың билік те.

Толық

Қарап көріңіз