Өлең, жыр, ақындар

Көктемнің бұлттары

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 561
Бір жұтым суға, шөлдеген қан тамыр сынды,
Аспанды ары итерген, Хантәңір сынды.
Кім түсінеді, ей, бұлттар, жерге ынтық сенің,
Бір сәтке дамыл алмаған арпалысыңды?

Бақтардан, таудан, өзеннен, қыр-белестерден,
Құстардан, аңнан, жануар, үндеместерден…
Аспанға қарай жауатын «Рахмет!»сөзі,
Оларға бұлай айтуға кім кеңес берген?!

Алыстап кетпей, от шардың тартылысынан,
Жан бітіп, мың бір сәуленің шарпылысынан.
Күнге «алғыс», бұлтқа ұшатын «рахмет» сөзі,
Көктем оятқан тірліктің әр тынысынан.

Бұлағай шақтар, тең келмес басқа күндерім,
Орманда құс боп сайрадым,бақта гүлдедім.
Бұлттаған шақтың көл-көсір ырыздығы бар,
Бұл бұла сәтке өкпе артпа, аспаным менің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға

  • 0
  • 0

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға,
Жетер ме едік сен келіп тіл қатқанда.
Көңілімді алады күдік билеп,
Ала таудан алаулап күн батқанда.

Толық

Жаһұт сөзің

  • 0
  • 0

Жаһұт сөзің жан сарайын толтырып,
Көрген жандар қызықтайтын көркіңе.
Мен де ақымақ өзімше бір жол сызып,
Жүрегінің бағынбайтын еркіне.

Толық

Қом – қанас

  • 0
  • 0

Ақ торғын, жасыл жәннәт, кең мекенім,
Жырыммен тал бесікше тербетемін.
Кезбесем шар тарапты білмес едім,
Тұнығы су біткеннің сенде екенін.

Толық

Қарап көріңіз