Өлең, жыр, ақындар

Үнсіздік

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 381
Үн-түнсіз келіп қасыма,
Қолымды қыстың ақырын.
Қолымды алып қашуға,
Жетпеді мүлде батылым.

Еркіне көнбес өзгенің,
Қаталдық қайда мендегі?
Осы бір шағым бәрінен,
Жеңілген бір сәт кез бе еді ?!

Тіл қатуға дәрмен жоқ,
Қапсыра тарттың өзіңе.
Көп сырды айтып тұрғандай,
Қарадым үнсіз көзіңе.

Жұлдызы жанған түнгі аспан,
Тілсім бір күйге орайды.
Қыбырсыз қалған құрақтар,
Тыныштық күйді қалайды.

Сүйемін деп айтпай –ақ,
Сүюге жетті батылың.
Лап етті алау жүзіме,
Тығылып жатқан жасырын.

-Сүйемін-, дедің сонан соң,
Бұзылды қалай тыныштық?!
Салқындап бара жатқандай,
Жалынды жүзің тым ыстық.

-Сүйесің бе-, деп сонан соң,
Несіне тарттың сұраққа ?
Болмаса үркіп қасыңнан,
Кетпеспе едім жыраққа?!

Сезімнің сырын бар ма екен,
Сөзбенен айтып тауысқан?
Кездерді дайым аңсаймын,
Үн-түнсіз ғана қауышқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есімде

  • 0
  • 0

Алдың ба арбап білмеймін көзіңменен,
Кеттім бе еріп білмеймін сезімге мен.
Кімнің тойы екені есімде жоқ,
Билегенім есімде өзіңменен.

Толық

Биікпін саған кейде мен

  • 0
  • 0

Биікпін саған кейде мен,
Иіліп саған көргем жоқ.
Аласамын, сен жайлы,
Сезімді әлі жеңгем жоқ!

Толық

Мазамды алма менің

  • 0
  • 0

Мазамды алма менің,
Елестер бұлдыраған.
Сендерсіз мені өзіне,
Тартады нұрлы ғалам.

Толық

Қарап көріңіз