Өлең, жыр, ақындар

Түрме, апат, адалдық

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Апат айдап сілкіністің толқыны,
Өзгергенде тіршіліктің көркі, үні.
Бір шетінде қирап қалған қаланың
Түрме үйі бүлінбепті сол күйі.
Адамдардың қасіретін арқалай,
Қабырғалар ұшқан сәтте жаңқадай,
Жұрттың бәрі жүгіргенде бытырап,
Бір топ тұтқын отырыпты тарқамай.
Отырыпты жат болса да ғұрыпқа...
Отырыпты абақтыда...
Құлыпта.
Ұғыпты олар...
Ұғыпты олар осы сәт
Лай тамшы боп тамғандарын тұныққа.
Қалай енді?
Қалай енді таласпақ.
Қалай жылап, нені айтып жақ ашпақ?!
Тастағандай бейне оларды адамдар
Ең ақыры қасіретінен де аластап.
Байлық па деп ұғатындар бар жұмақ,
Өкініпті иіндері салбырап.
Өкініпті тағдырлары толғантып,
Өкініштен жүректері қан жылап.
Төтен апат басып бойдан желікті,
Саналарда қалған шоқты теріпті.
Сол күндері үйге барып қайтуға
Тұтқындарға он күн уақыт беріпті.
Көшелерде сұлу сазды ән бітіп,
Алмайтындай енді қайта таң күтіп.
Әсем қала, әдемі жай сұлу бақ
Бәрін-дағы кеткен екен қаңғытып.
Міне бірі еркіндікке шықты атып,
Сілкіністі әсерлі әнге ұқсатып.
Көрмеген ол ештеңеге қиналып,
Көрмегенді жанына оның түк батып.
Көрінді оған жақыны да, жат та енді
Бір бояумен қасіретпен нақ белгі.
Басы айнала қаңғалақтап жеткенде,
Үй орнында үйіндіге тап келді.
Әке де жоқ, ана да жоқ, бауыр да,
Үй кемедей ұрынған бір дауылға.
Жігіт кенет тура ұмтылған көмекке,
Өз қайғысы елдікінен ауыр ма.
Аршыды ол талай үйдің орынын,
Күшін жұмсап намысының, қолының.
Күрек сабы қолдан сусып түскенше
Баса алмаған өкініштің солығын.
Кенет қолға ілікті бір ауыр қап,
Сырты сайлы,
Не де болса тәуір зат.
Бір әзәзіл бүйірінен түртеді,
Жарық тұсты көрсетеді сауы ымдап.
Байлық екен,
Ақша екен мол қоры.
Тимепті оған әлі суық жат қолы.
Оған әлі назар салған бір жан жоқ
Екі түрлі ой, кезек арбап жатты оны.
Жан болса да сана оты маздаған,
Пенделікке бой ұратын аз адам! ?
Екі ойлы боп тұрғанында Құлаған
Тас қабырға езіп кете жаздаған.
Жуылғандай көңілдегі қаспағы,
Тазарғандай бар кірбіңнің аспаны.
Өлім елес берген осы бір-ақ сәт
Әзәзілді қуып шыққан бастағы.
Мойнын орап ұят деген аппағы
Адалдығы бір ажалдан сақтады.
Қаптың аузын қайта байлап,
Арқалап,
Зай орнына алып барып тастады.
Жер сілкініп, күн туса да ең құтсыз,
Ащы тірлік салған екен ерлікке із.
Жігіт арын ластап алған абайсыз
Ел қасіреті жуғаны деп сендік біз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамал апа

  • 0
  • 0

Сөз етер жұрт санасынан тысқары,
қызық болып кімді,кімнің құшқаны,
Өсектепті бір әйелді заманда
әмеңгерлік заңы елде күшті әлі.

Толық

Ару

  • 0
  • 0

Табынбаған атына оның ер тегін,
басталады содан ғажап ертегің.
Бабам қазақ қастерлеген қызды ерек,
Ару деген Ай мүсінді көркемін.

Толық

Екі кездесу

  • 0
  • 0

Тұрды қыз ойға батып жол үстінде,
Назарын аудармады ол ешкімге.
Басыңа түсті әлде бір қиындық,
Өмірдің ызғарымен көрістің бе?!

Толық

Қарап көріңіз