Өлең, жыр, ақындар

Уақыт деген құрықтың

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 252
Уақыт деген құрықтың,
Арқаны түспес кей адам...
Отызға толған жігітпін,
Қалайша жаспын дей алам?
Салмақтан талып білегім,
Санамды қажап өткір ой,
Арпалыстардан жүрегім,
Қартайып әбден кетті ғой.
Ойсызға ғана бар тыным.
Артты да жүгін зілмауыр,
Жүзімнен жастық жарқылын,
Көшірді тез-ақ бұл дәуір.
Білемін тегім-жөнімді,
Ұятым үшін ар мекен.
Отызға келіп, өмірді
Танымайтындар бар ма екен?
Мен отыздамын.
Жаспын ба?
Жастықтық кештім өртін көп.
Қырық тұр қырдың астында,
Елу де келер елпілдеп.
Таныған өмір өрнегін,
Отызға келген «қартыңмын».
Көп шығар әлі көрмегім –
Дайынмын.
Сымдай тартылдым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пендең едiм мейiрiмге қаталаған

  • 0
  • 0

Пендең едiм мейiрiмге қаталаған,
Қандай тағы еншiң бар атамаған?
Естимiсiң, ей, әлем, түршi құлақ,
Естимiсiң, мен ендi әке болам!

Толық

Сызат тез сызылып сенімге

  • 0
  • 0

Сызат тез сызылып сенімге,
Санаға жүк болып сөз бөтен,
Осынау ғұмырда, өмірде,
Көңілдің қалуы тез екен...

Толық

Жасырып әуре болмашы

  • 0
  • 0

Жасырып әуре болмашы,
Көзiңде тұр ғой бәрi де.
Сезiммен iштей жауласып,
Қатайып жүрсiң әлi де.

Толық

Қарап көріңіз