Өлең, жыр, ақындар

Сызат тез сызылып сенімге

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 243
Сызат тез сызылып сенімге,
Санаға жүк болып сөз бөтен,
Осынау ғұмырда, өмірде,
Көңілдің қалуы тез екен...
Ақжарқын күлкі жоқ кешегі,
Төнгендей кенеттен қара аспан,
Бейбақтай сор-мұңы бес елі,
Жандай боп қаласың адасқан.
Өзіңді дағдартып ісің кей,
Сиқыры тартпай еш елестің,
Өзің де ешкімді түсінбей,
Түсінбей қояды сені ешкім.
Бұртиып бекерге балаша,
Әлемді жаулардай өкпемен,
Қала алмай өзіңше, оңаша,
Жүре алмай жүресің көппенен.
Шайқайсың басыңды ой сіңген,
Іздейсің қайтадан жарасым.
«Бәрі де өтеді» дейсің де,
Бәрін де кешіре саласың...
Кешірмей сен қайда барасың?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанбақы

  • 0
  • 0

– Жүр, қарашы, кәрі қой өліп қапты...
– Түу, жанары не деген суық еді...
– Аяқтары байғұстың семіп қапты...
– Кеше ғана ақ қозы туып еді...

Толық

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең

  • 0
  • 0

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең,
Жатқан-ды жүрегiмде қайнауменен...
Желкенiн желге төсеп кеттi-ау жүзiп,
Мезгiлсiз қайырлатып қойған кемем.

Толық

Асық

  • 0
  • 0

Сағынып, сыздап жүр кеудем,
Елес жоқ бала күндерден...
– Ойнайық омпы, үштапан!
– Шеңбер сыз, қане!

Толық

Қарап көріңіз