Өлең, жыр, ақындар

Кеш

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 213
Тәмам болып тағы да бiр сапары,
Таудан шығып, таудан тауып тұрағын,
Күн шоқтанып батып бара жатады...
Қыр үстiнде көлеңке боп тұрамын.
Өткен күннен өшер-өшпес iз қалып,
Ауыл жатар түн алдында таранып.
Күннiң соңғы шапағын да қызғанып,
Тауға апарып табыстайды қара бұлт.
Бiр тыныштық келе жатыр далалық,
Өткен күнге жоқ ешкiмде түк қыжыл...
– Ата, ауылдың үстi неге ала бұлт,
Ал, батыстың бұлты неге қып-қызыл?
– Бұлтың тұр ғой, балам, бiзге сыр ашып,
Жасыратын құпиясы жоқ, сiрә.
Алматының ертең болар күнi ашық...
Алматыда ашық болса бопты да...
...Алматының кешi мынау келiскен,
Мұнда бiрақ көздiң басқа көрерi –
Қозы емес, көлiк қайтып өрiстен,
Қидың емес, мотор иiсi келедi.
Тұтасып ап жер мен көктiң арасы,
Алматыда бәрi көнген ызыңға...
– Балконыңа шығып, достым, қарашы,
Ауыл жақтың бұлты қандай?
қызыл ма?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыс жылжыды

  • 0
  • 0

Қыс жылжыды.
Көктем өттi.
Келдi жаз...
Мұң иектеп, күлкi қысып, ердi наз.

Толық

Басқаша едi аңсарым жүрегiмдегi

  • 0
  • 0

Басқаша едi аңсарым жүрегiмдегi,
Иеленiп алды да бiр өмiр менi,
«Оймен де, қырмен де жүре бiл» дедi.
Осылай өту тiрлiктен тiлегiм бе едi?..

Толық

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең

  • 0
  • 0

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең,
Жатқан-ды жүрегiмде қайнауменен...
Желкенiн желге төсеп кеттi-ау жүзiп,
Мезгiлсiз қайырлатып қойған кемем.

Толық

Қарап көріңіз