Өлең, жыр, ақындар

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 295
Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең,
Жатқан-ды жүрегiмде қайнауменен...
Желкенiн желге төсеп кеттi-ау жүзiп,
Мезгiлсiз қайырлатып қойған кемем.
Бей-жаймын, құрығандай бар амалым,
Күрсiнем, бәз қалпыма ораламын.
Ақ кемем қашанғы ұзақ мекен етсiн,
Жанымның құлазыған жағалауын...
Оған да ерке, ойнақы толқын керек,
Ол сүйген теңiзiнде серпiн де ерек.
Ол менi қалдыруға бекiндi ме,
Мен бiрақ жан емес ем сертiм бөлек.
Бостан-бос қаңтарыппын қайраңымда,
Басқаша бақ табам деп ойладым ба?
Кемемдi-өлеңiмдi, оралар деп,
Отырмын күтiп тағы айлағымда...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмiрдi сүю

  • 0
  • 0

«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр,
Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр.
Қапылыста қағып қалды қылтамнан,
Қиқаң ете қалып едiм...

Толық

Көлбастау

  • 0
  • 0

Бозала таңның сығалағанда сәулесi,
Осы ауылдың басталар тiрлiк әуресi.
Бейнетке батып, зейнетiн тамсап жатса, да,
Дәл одан асқан қасиеттi мекен бар дешi!

Толық

Қанағат қылмай түкке де қарысып отырмын

  • 0
  • 0

Қанағат қылмай түкке де қарысып отырмын,
Өзiммен-өзiм оңаша алысып отырмын.
Жаным – домбыра, күй болып қағысып отырмын,
Өзiмдi-өзiм жұлып жеп, тауысып отырмын.

Толық

Қарап көріңіз