Өлең, жыр, ақындар

Қыс жылжыды

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 199
Қыс жылжыды.
Көктем өттi.
Келдi жаз...
Мұң иектеп, күлкi қысып, ердi наз.
Келер күннен күтiп жүрiп керемет,
Өмiр кешiп тастаппын-ау мен бiраз.
Аялдағам анау шағын айлақта,
Ән шырқағам мынау ғажап аймақта.
Түу биiкке шыққым келiп ұмтылып,
Намыс шiркiн түсiп едi қайраққа.
Мына тұста қалтылдады қайығым,
Кей сапарда бос тартылды айылым.
Соңғы тиын санап берiп досыма,
Марқайдым да, көңiлiммен байыдым.
Ойдан шаршап, санаға оны күш қылып,
Өттi кейде босаған шақ қыстығып.
Қиялдан да медеу таппай жүргенде,
Көкiрегiмнен келер күнге ұшты үмiт.
Мына жерде көшке ергемiн даурығып,
Той тойлағам сауық жасап, сән құрып.
Қабағымнан өмiр көшiп барады,
Маңдайыма ғана iзiн қалдырып.
Танып қаппын уақыттың әз күшiн,
Жас деместен көрсетпептi аз қысым.
Өмiр кешiп тастаппын-ау мен бiраз...
Өкiнсем де... сүйiнсем де...
жазмышым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір фәлсафасы

  • 0
  • 0

Адамдар іздейді сыңарын,
Жол кешіп қым-қуыт, нешеме.
Таппайды жүректен тұрағын,
Оқылмай тұрғанда пешене.

Толық

Шыбық-өмiр келе жатты бүр атып

  • 0
  • 0

Шыбық-өмiр келе жатты бүр атып,
Күллi әлемнiң қуанышын сұратып.
Ерте есейiп, жылдам өскiм келгенмен,
Мен асықтым, асықпады уақыт...

Толық

Жазған-ай, осы күйден арылмадым

  • 0
  • 0

Жазған-ай, осы күйден арылмадым,
Неге мен сөнер жерде жағылғамын?
Жатырқап отырысым мынау ендi,
Әлемдi, дүниенi...

Толық

Қарап көріңіз