Өлең, жыр, ақындар

Есейдiм ғой, жiгiт болдым, Әке, мен

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 332
Есейдiм ғой, жiгiт болдым, Әке, мен,
Қадам бассам бас айналды қатеден.
Бұрынырақ ауырсынар ер жүгiн,
Бүгiн ендi мойынсұнып, көтерем.
Өмiр деген қызық екен, кiм бiлген?
Шу боп жатса – бақыт па сол – күнде iргең...
Есiмiңдi өшiрмейтiн бұл ұлың,
Көресiсiн көрiп жатыр бiр-бiрден.
Кейде жылап, кейде күлiп, түңiлiп,
Көрсеткiсi келiп кейде iрiлiк,
«Арғымақ боп шапсам» дейдi бұл ұлың,
Екi езуi қан боп тұрып жырылып.
Iлестiрiп керуенiне көш менi,
Күдер үзiп, балалық та «қош!» дедi.
Мен сыйындым қиналғанда өзiңе,
Қайығымның қалтылдаса ескегi.
Көкжиегi көрiнгенде ақылдың,
Сенi талай «көмектес» деп шақырдым.
Саған ұл боп келгенменен дүниеге,
Өзiм болып ғұмыр кешiп жатырмын.
Иә, Әке, мен де ендi жiгiтпiн,
Алға басып бiр ұтылдым, бiр ұттым.
Бiреулердiң шаужайына жармастым,
Бiреулердiң жақсылығын ұмыттым.
Әрбiр келген жаңа күнге бақ телiп,
Әрбiр таңда жаңартамын ат-көлiк.
Жүрiп келем адалдықты дос етiп,
Қажет жерде қулықты да шақ көрiп.
Өктем шығып, сөз асса егер басымнан,
Жасып қалам, оның несiн жасырам?..
Ондай сәтте оңашада ширығып,
Өзiмдi-өзiм қажап барып басылам.
Бiздiң көңiл кейде нәзiк шарайна,
Осы осал тұсым таныс талайға.
Солай, Әке, өмiр сүрiп келемiн,
Көппен бiрге құштар болып оңайға.
Осылайша жыл артынан жыл ауып,
Күндер өттi айлар жылжып, түн ағып.
Менi ұмытып кеттiң бе әлде жердегi,
Түсiме де енбедiң-ау бiр ауық...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балама сыр

  • 0
  • 0

Бiлмеймiн мен – кiм болады есiмiң,
Қашан өмiр ашар саған есiгiн?
Бiрте-бiрте әкелiкке жақындап,
Терiп келем талайымның несiбiн.

Толық

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы

  • 0
  • 0

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы,
Тағдырының қаталдық, өктемдігі.
Жанталасып, жарыққа ұмтылғанмен,
Мына өмірдің қызығы беп-белгілі.

Толық

Бұзылған үй

  • 0
  • 0

Құпиясын, қазынасын көп күннiң,
Кеш те болса сезiнгiм кеп, кеп бiлгiм,
Бұзылған үй,
бүгiн сенiң орныңа,

Толық

Қарап көріңіз