Өлең, жыр, ақындар

Бұзылған үй

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 244
Құпиясын, қазынасын көп күннiң,
Кеш те болса сезiнгiм кеп, кеп бiлгiм,
Бұзылған үй,
бүгiн сенiң орныңа,
Мен есейген жiгiт болып кеп тұрмын.
Он-он бес жыл өте шықты арада,
Уақыт деген жұлдыздайын ағады, ә.
Ұя едiң iшiң толы балаға,
Қорғандары – жан әке мен жан ана.
Таң қалысып көрмегенге, көргенге,
Ойнайтынбыз сенiң кең-кең бөлмеңде.
Өлеусiреп өткен күннiң елесi,
Өксiк болып сөнiп жатыр кеудемде.
Бақытты едiк сол шақтарда бiз қандай!
Тұрғанын-ай содан жалқы iз қалмай...
Қатал жандар менiң сәби күнiмнiң,
Ең сәулеттi ақ сарайын бұзғандай.
Тiрлiк кештiк таласа да тармаса,
Жоққа жол сап, назар қоймай барға аса.
Орныңды да бүгiн сенiң таппас па ем,
Әкем құйған iргетасың қалмаса.
Жүрегiмдi мұң кернедi бiр ауыр,
Баяғыны аңсау шығар, сiрә, бұл.
Мүлде ұмытып бiздiң ғажап күндердi,
Тiршiлiгiн жалғап жатыр бұл ауыл.
Бұзылған үй...
сен биiк ең, еңселi ең,
Құр топырақ боп жатырсың белшеден.
Сол шақтағы өзiмдi де көре алмай,
Тағы алыстап кетiп барам мен сенен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сiз бiлесiз

  • 0
  • 0

Сiз бiлесiз,
бiр ай өте аз уақыт,
Татып тiптi үлгермейсiз мәз бақыт.
Бiр ай бұрын ашты өмiр есiгiн,

Толық

Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң

  • 0
  • 0

Сыбаға көрiп кеңдiгiн көптiң,
Құры кеудемдi тiреу ғып,
Әңгүдiктiгiмдi ерлiгiм деппiн,
...Неғылсын менi шын ерлiк.

Толық

Көлсай

  • 0
  • 0

Асқар тау аймаласып ерке күнмен,
Айнала сыбырлайды ертегi-үнмен.
Бұлттары еркiн қалқып, шудаланып,
Төменде аспан жатыр төңкерiлген.

Толық

Қарап көріңіз