Өлең, жыр, ақындар

Қанағат қылмай түкке де қарысып отырмын

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 286
Қанағат қылмай түкке де қарысып отырмын,
Өзiммен-өзiм оңаша алысып отырмын.
Жаным – домбыра, күй болып қағысып отырмын,
Өзiмдi-өзiм жұлып жеп, тауысып отырмын.
Бiлмеймiн, тiптi, бiлмеймiн не керек маған?
Өртенiп, отқа түскендей ебелек қағам.
Қай тұстан, қайдан iздесем керемет табам,
Жанарымда шыр айналды-ау көбелек-ғалам.
Алаулап жанып тұр, әне, аспанда күнiм,
Керек пе таңғы тынық шақ ашқанда гүлiн,
Бiр сезiм менi жұбатар шашқанда нұрын... –
Бәрiнен бiрақ белгiлi бас тартатыным...
Дарақтай жалғыз дағдардым жол өтiндегi,
Айдың сәулесi, аулақ кет, өбетiн менi.
Қараптан-қарап көңiлiм неге кiрледi,
Жүрегiмдi дал-дал айырып көретiн бе едi?..
Өзгеше сәттi бұл көңiл күткенде қандай?
Сұмырай ойлар, санамнан шық төрге бармай!
Дәл қазiр бiреу кiрiп кеп, сөйлесер болса,
Әңгiмелесiп кетем-ау түк болмағандай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрекке алғыс

  • 0
  • 0

Кешемін тірлік бір таңнан асып бір таңға,
Тырысып бағып етек-жеңімді қымтауға.
Адам боп туып, шыр еткенімде, о, жүрек,
Кеудеме сені орнатқанына мың тәуба.

Толық

Амстердам

  • 0
  • 0

Амстердам.
Әуежай абыр-сабыр.
Гу-гулескен әр тұста қалың шоғыр.
Алабұртып аспанға телміресің,

Толық

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.

Толық

Қарап көріңіз