Өлең, жыр, ақындар

Сүйкiмдi еркесi даланың

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 191
Сүйкiмдi еркесi даланың,
Сыртыңнан сүйсiне қарадым.
Бiлдiрмей ұнатып жүрем де,
Мен сенен көз жазып қаламын...
Қарағым...
Бүгiн де сенi ойлап ояндым,
Жабырқап жылжиды баяу күн.
Қонбаған бақытым, мен сенi,
Жоғалтып алуға таяумын...
Аяулым...
Жас жуды жанымның бiр төрiн,
Ешкiмге көрсетпей сүртемiн.
Лықсыған сезiм мен сөздi де,
Айта алмай, көрсетпей iркемiн...
Үркегiм...
Саяқтау жүретiн жан едiм,
Сен келдiң, жымиды әлемiм.
Шегiне жеткiзiп кетесiң,
Жүректiң мұңдылау әуенiн...
Әдемiм...
Осылай арнадым саған ән,
Алыстап кетесiң жағадан.
Мен болсам, қатты бiр күрсiнiп,
Баяғы күндерге оралам...
Шағалам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ығы-жығы көліктер

  • 0
  • 0

Ығы-жығы көліктер,
Ығы-жығы адамдар.
Басылмаған желіктер,
Жасалмаған қадамдар.

Толық

Мен сенi сағындым ғой

  • 0
  • 0

Мен сенi сағындым ғой...
бiлесiң бе?
Кездескен күн есiмде, түн есiмде.
Санамда қалған сенiң суретiңдi,

Толық

Бiр сәттiк қана торығу

  • 0
  • 0

Мәнiс кеттi.
Тiрлiктен мәнiс кеттi,
Мен аңсаған керемет алыс кеттi.
Бiрде қырға, бiрде ойға домалайды,

Толық

Қарап көріңіз