Өлең, жыр, ақындар

Сен неге көзiме көрiндiң?

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 234
Сен неге көзiме көрiндiң?
Жүрек бiр бұлқынып қалды, әнi...
Өзiм де түсiнбес өмiрмiн,
Бiтпейтiн қиялы, арманы.
Мен сенi ұмытып кеттiм деп,
Сендiрiп қойған ем санамды.
Кеттiң-ау қоламта отты үрлеп,
Шақтарды тiрiлтiп аяулы.
Мен сенi сүйгенмiн... сүймегем...
Анығын өзiм де бiле алман.
Өзiмнiң отыма күйген ем,
Толқынға тербелiп бiр алуан.
Бiрге өрлеп үнсiз, тар көшемен,
Айрылысып кеткенбiз екеумiз.
Мен үшiн сен, қалқа, кешеде ең,
Ал бүгiн басқамыз, бөтенбiз.
Таныдық. Сен күлдiң, мен күлдiм,
Көңiл де сол кездi кеттi аңсап.
Баяғы күнгiдей мен жүрмiн...
Бүгiннен тәттi екен өткен шақ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең

  • 0
  • 0

Бұл жолы көп қинады, ойланды Өлең,
Жатқан-ды жүрегiмде қайнауменен...
Желкенiн желге төсеп кеттi-ау жүзiп,
Мезгiлсiз қайырлатып қойған кемем.

Толық

Жасырып әуре болмашы

  • 0
  • 0

Жасырып әуре болмашы,
Көзiңде тұр ғой бәрi де.
Сезiммен iштей жауласып,
Қатайып жүрсiң әлi де.

Толық

Есейдiм ғой, жiгiт болдым, Әке, мен

  • 0
  • 0

Есейдiм ғой, жiгiт болдым, Әке, мен,
Қадам бассам бас айналды қатеден.
Бұрынырақ ауырсынар ер жүгiн,
Бүгiн ендi мойынсұнып, көтерем.

Толық

Қарап көріңіз