Өлең, жыр, ақындар

Әттең, әттең...

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.
Ай-хай, өмiр, кеше ғана, төтеден,
Сенде ешбiр қызық жоғын түсiндiм.
Сенiм. Сезiм...
бәрi әншейiн әңгүдiк,
Бiрi кетсе, бiреуi,
Алдарқатып жүредi.
Ал айналаң өзiңдi де таң қылып,
Саусағыңды шошайтқанға күледi.
Күнә қалып әрбiр басқан iзiмде,
Аспанымнан күн көрмей,
Қап-қараңғы түнге өрлей.
Сәт сайынғы қара iсiмдi тiзуге,
Шайтан-екең жатыр мүлде үлгермей.
Өмiр мәнi ұрпақ қой деп ойлағам,
Билiгiңдi айт, уа, ғұмыр,
Әлде саған бәрiбiр...
Құр күлкiге бар тiрлiгiн байлаған,
Мендей бiреу келсе қайтем тағы бiр...
Әттең, әттең...
солай арнап өмiрге ән,
Айтып тiрлiк өсегiн,
Атып күнә кесегiн,
Өзiмдi алдап, қызық жасап қолымнан...
Сөйтiп ғұмыр кешемiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi

  • 0
  • 0

Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi,
Тәттi мұң тербесiн.
Жабықсын...
... Ар жақтан дауысың естiлдi,

Толық

Жылама

  • 0
  • 0

Жаздың таңы жаманатын әкелді,
Бір жүректі тоқтатуды ұйғарып.
Жылап тұрдым, шығарып сап әкемді,
«Жылама» деп кете барды қиналып.

Толық

Кеш

  • 0
  • 0

Тәмам болып тағы да бiр сапары,
Таудан шығып, таудан тауып тұрағын,
Күн шоқтанып батып бара жатады...
Қыр үстiнде көлеңке боп тұрамын.

Толық

Қарап көріңіз