Өлең, жыр, ақындар

"Дәрігердің өмірі"

Тағат таппай тынымсыз сол тірліктен,
Күндіз-түні елді емдеумен дүрліккен,
Жедел жәрдем жасап жүрген әрдайым,
Балақайлар дәрігерді үлгі ет сен.

Абзал жандар, шыдамды да беделді,
Суға да сол батырмайтын кемеңді,
Арашалап құтқаратын аурудан,
Дәрігермен медбике емей кім енді.

Жедел жәрдем машинасы зу етті.
Көрсетуге жедел жәрдем көмекті.
Емдейді олар жаның менен тәніңді,
Емдейді олар білекпенен жүректі.

Кәрі демей,жас қой демей бәріне ,
Жұмысына көңіл қойған беріле,
Арқау болған айқасуға аурумен,
Демеу болған жаның менен тәніңе.

Ол кім десең әрине ол дәрігер,
Ол шипагер, абзал жанды кемеңгер,
Бас иеміз, тағзым етіп сіздерге,
Дәрігерді елемеді ел демеңдер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз