Өлең, жыр, ақындар

Литва

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 276
Келеді жортып поезым,
Екпіндетіп бұлқына,
Алдымда Балтық теңізі,
Жағасында Литва.
Бұл жағаның халқын
Көруге кептен ынтыққам,
Білемін аздап тарихын
Гедимино, Витовтан
Балтықтың жайлап жағасын,
Шалғынды және суатты,
Орныққан село, қаласы,
Ел болыпты қуатты.
Төсін төсеп батыр ел,
Атылған жаудан оқтарға,
Берілмепті туған жер
Басқыншы, батыл тевтонға.
Баяғыда болыпты,
Бірақ, мұның бәрі де,
Бертінде ол зорықты
Таусылып қуат, әлі де.
Капиталшыл елдердің
Болып байғұс шылауы,
Қорлық-зорлық керген күн,
Үдеді еңіреу-жылауы...
Сол көз жасын құрғатты,
Тек советтік құрылыс.
Шаттық үнмен жырлатты
Жаңа дәуір, жаңа іс.
«Бейтаныс» болса кеше ол,
Отандас бүгін бауырым.
Жері маған туған жер,
Селосы туған ауылым.
Қалаларым қаласы,
Ортақпын ауа, суына.
Түр, түсіне қарашы,
Бейнелес туым туына.
Сондықтан іздеп келемін,
Көруге оны ынтыға...
Құшағын жайып қарсы алды,
Өз елім,— туған Литва!..

1950



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз — Советтік армия

  • 0
  • 0

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны —
Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына
Тереңнен әрең барып жетті қолы.

Толық

Бір ескерткіш жайында

  • 0
  • 0

Радвилайте Варвара
Дейтін бір сұлу болыпты.
Зигманд Август таң қала
Ғашық боп оны торыпты.

Толық

Егістік

  • 0
  • 0

Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,

Толық

Қарап көріңіз